18
ноябрь
2021
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тарихи мұрасын кеңінен таратып, насихаттау мақсатында Елбасы кітапханасы панфиловшылар ерлігінің 80 жылдығына орай арнайы бейнеролик дайындады.
Жиырма сегіз гвардияшы Панфиловшылар — Ұлы Отан соғысы жылдарында Мәскеуді ерлікпен қорғаған қазақстандық жауынгерлер. Мәскеу генерал-майоры И.В.Панфилов басқарған Қазақ КСР Алматы және Қырғыз КСР Фрунзе қалаларында жасақталған 316-атқыштар дивизиясының (кейінірек 8-гвардиялық) әскери қызметшілері.