02
декабрь
2021
Желтоқсан көтерілісіне қатысушыларымен «Сыр-сұхбат» кездесу кеші
Мектебімізде Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай тарих бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік - Желтоқсан шежіресі» атты Желтоқсан көтерілісіне қатысушыларымен «Сыр-сұхбат» кездесу кеші өтті.
Кездесудің мақсаты: Желтоқсан көтерілісінің сипатын аша отырып, тәуелсіздік бастауы ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіндіру, жас ұрпақ бойында еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімді қалыптастыруға ықпал ету;
Желтоқсан оқиғасының арқасында талай жылдар бойы армандаған егемендікке қол жеткізгенімізді, осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын оқушыларға жете түсіндіру, оқушылардың дүниетанымын кеңейту, ел мен жердің қадір- қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.
Кездесу барысында оқиға қатысушылары сол бір күндерді тағы бір еске алып, әңгімеледі. Оқушылар сұрақтарын қойып, барлық шындықты оқиға қатысушыларының өз аузынан естіді. Кездесу соңында оқушылар қандай әсер алғандарымен бөлісіп, қонақтарға алғыс білдірді. Желтоқсаншылар жас буынға жүрекжарды тілектерін білдірді.