Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесі құтты болсын!!!
Бүгін мектебімізде Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесіне арналған мерекелік кеш өткізілді.Ұлттық өнерді,салт-дәстүрді дәріптеу мақсатында ән шырқалып,күй ойналып,кешіміз бүлдіршендердің қазақ биімен жалғасты.Осындай тағылымы зор шарада тек мектеп оқушылары ғана емес ата-әжелер,ата-аналар да белсенділік танытып,жиналған қауымға бата беріп,шашу шашты.Бұл кешке келген әрбір көрермен үлкен әсер алып қайтты. ✨Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын!Ақ мол болсын,қайда барсаң,жол болсын! Наурыз мерекесі